#qyzylordatv
Елімізде татулық пен береке орнаған мерейлі отбасылар аз емес. Өзгелерге үлгі, ал ұрпағына өнеге бола алған шаңырақтың бірі – Дастан Тұрсынбаев пен Балмекен Нұрділдаеваның жанұясы. Олар 50 жылдан бері бірге ғұмыр кешіп келеді.
«Сезімнен басталған сапар, 50 жылдық саналы ғұмыр» атты «алтын той» кешінде отбасының басты құндылығы – сыйластық пен сүйіспеншілік екеніне тағы бір мәрте куә болдық. Бірнеше онжылдықты артқа тастап, берекелі ғұмыр кешкен ерлі-зайыпты 5 бала тәрбиелеп, өсірді. Ал уақыт өте келе, мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайып, 12 немеренің аты-әжесі атанды. Жиында мерейтой иелеріне қала әкімінің құттықтауы табысталды.
ДАСТАН ТҰРСЫНБАЕВ – МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ Бүгін осындай даталы күн болып жатыр. Біздің үйленгенімізге 50 жылдық. Ұлағат ансамблінің құрамында жұмыс істейміз осы жерде.Енді біздің негізгі жұмысымыз ауыл-ауылды аралап,қалаларды ралап, қарттар үйін аралап,түрлі концерттер береміз.яғни насихаттау жұмысы дейді ғо. Барып ән айтамыз, көңілін көтереміз, биге шақырамыз.
БАЛМЕКЕН НҰРДІЛДАЕВА – МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ Ең бастысы екі адам, ерлі-зайыпты кісілер бір-біріне махаббаты басынан басталғаннан аяғына дейін болу керек. Сол махаббатпен жақсы тұрып, жақсы жүрсең балаларың да соны қайталайды.Татулық ең басты несі деп айтам.
Алтын той иелері мектеп табалдырығын бірге аттаған. Сенім мен сезімді серік еткен олар 1975 жылы отау құрды. Отағасы ауылшаруашылығы саласында қызмет етсе, жұбайы медицина саласында педиатр-дәрігер болды. Ал қазіргі таңда Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ата-әжелер ансамблінің мүшелері.
БАЛҚИЯ ҚҰРМАШЕВА – «ҰЛАҒАТ» АТА-ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Өте үлгілі семья. 5-6 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Халыққа өнегесімен көрініп жүрген отбасының біреуі. Үлгі аларлықтай кейінгі жастар. Балмекен мединститутты бітіріп, врач болған.Ал Дастан болса да техникум бітірген қаланың. Сондай ауылшаруашылығы жағында түрлі жұмыстармен айналысқан. 2022 де құрылдық.Содан басп адам жинай бастадық. Бір таныстар сіңлім арқылы екеуі келді. Екеуі қосылып өлең айтады.Өте үлгі аларлық кісілер енді, отбасы.
Шарада ансамбль мүшелері ән айтып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ең бастысы бұл, отбасының маңыздылығын айқындай түскен, татулықты дүйім елге үлгі еткен жиын болды.