#qyzylordatv
"AMANAT" партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, сайлауалды бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқанын көрді. Сондай-ақ Іссапар барысында кәсіпкерлермен, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен және жастармен жүздесті.
Алдымен Жандос Нұртайұлы аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен кездесті. Басқосуда Президент тапсырмаларының орындалуы , сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы сөз болды. Бүгінде ауданда "Қарызсыз қоғам", "Жер аманаты", "Ауыл аманаты" партиялық жобалары жүйелі жүзеге асырылуда. Тек соңғы бағыт бойынша осы жылдың ақпан айынан бастап 260 млн теңгеге 38 бастама қаржыландырылды.
Сапар барысында Жандос Базартай «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіп бастаған тұрғындардың жұмысымен танысты. Жобаға қатысушылардың бірі – көпбалалы ана Нұргүл Бахымова. Бүгінде кәсіпкер даярлаған қуыршақтар республика бойынша сұранысқа ие. Сондықтан бұл жұмысты әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отыр.
НҰРГҮЛ БАХЫМОВА – КӘСІПКЕР
Ауыл аманаты жобасы бойынша 2,5 пайызбен кредит алдық. Аллаға шүкір, кәсібімізді үлкейтіп жатырмыз.Негізі қыз жасауынан басталған кәсіп қазіргі таңда аниматорлық костюмдерді яғни, үлкен қуыршақтарды тігумен айналысамын. Сұраныс өте көп. Республика бойынша жіберіп жатырмыз жан-жаққа, Астана, Алматы, Ақтөбе барлыққа жаққа жіберу бар бізде. Былайыша бұндай костюмдерді Қызылорда облыс бойынша мен ғана тігемін.
"Ауыл аманаты" бизнес-жобалар алаңында партия төрағасы кондитерлік цех, көлемді әріптер мен фигуралар өндірісі, жартылай фабрикаттар және қағаз майлықтар шығару цехымен танысты. Бұл кәсіпорындар тұрақты түрде жұмыс істеп, ауданды қажетті өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.
Әрі қарай төраға партияның аудандық филиалының активімен кездесті. Партияластардың жұмыстағы нәтижелерін, жоспарлары мен ұсыныстарын талқылады. Атқарушы хатшы Жібек Баймұратова кәсіпорын қызметкерлеріне партиялық наградалар үшін қосымша ақы төлеудің табысты тәжірибесін атап өтіп, оны білім беру ұйымдарына енгізуді ұсынды.
ЖІБЕК БАЙМҰРАТОВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Қоғамдық іс-әрекетсіз, қоғамдық жұмыссыз ол адамды мадақтау, ол адамды тану мүмкін емес деп есептеймін. Білім ұйымдарында қазір осы соңғы жылы арнайы марапатты өздерінің категориялық санатты көтеруіне қоспайтын болыпты біздің Аманат партиясының.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Партия активімен ашық диалог кездесудегі мақсатымыз бірлесіп атқаратын ойлар бізге өте маңызды. Жалпы ортақ мақсаттарды өзара үйлесімді іс-қимыл арқылы табысты атқаратынымызға сенемін. Партия үшін біздің бастауыш партия ұйымдарының, мүшелеріміздің, депутаттарымыздың рөлі өте маңызды және біздің бүкіл қызметіміздің негізін құрайды.
Кездесуде партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс етіліп, белсенділер алғыс хаттармен марапатталды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау – партия жұмысының басым бағыттарының бірі. Сондықтан филиал төрағасы Шиелі ауданындағы "Тең қоғам" орталығына барып, балалардың шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін дамытуға бағытталған қызметпен танысты. Ата-аналар мен педагогтарға алғысын білдіріп, тәрбиеленушілерге партия атынан мерекелік сыйлықтар табыс етті.
Мұнан кейін Жандос Базартай индустриалды-аграрлық колледжде аудан жастарымен кездесті.
Нағима Бекболатова – КӘСІПКЕР
Мен осы «Аманат» партиясымен бірлесе отырып, жас кәсіпкер ретінде «Тәтті мектеп» жобасы аясында мектебімізге, оқушыларға тегін торт, пирог тәттілерді пісіруді үйреттік. Бір жыл бойы. Онда біз 100-ден аса оқушыларға үйретіп, соның ішінде 5-6 оқушыға шебер ретінде тортты өз бетінше жасауды үйреттік. Бұл біздің қоғамға жасап отырған септігіміз деп білем. Жас кәсіпкер ретінде осылай оқушыларды үйретіп, өзіміздің қоғамға пайдамызды тигіземін деп ойлаймын.
Партия филиалы төрағасының жұмыс сапары облыстың басқа аудандарында да жалғасатын болады.