#qyzylordatv
Арал ауданында білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Бөгенбай Шаңқұловты еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті.
Бөгенбай Шаңқұлов Мергенсай ауылының тумасы. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген жас маман алғаш еңбек жолын Сексеуілдегі теміржол мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Содан кейін Сексеуіл тораптық комсомол комитетінің хатшысы, төрағасы қызметтерін атқарды. Әр жылдары аудандық оқу бөлімі басшысының орынбасары, Сексеуіл кентіндеі №22 орта мектептің және ауданаралық мектеп интернаттың директоры болды. Жарыстың ашылу рәсімінде сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметов пен білім беру саласының ардагері Нұралы Оспанов Бөгенбай Құлекенұлының өмірі мен қызмет жолына тоқталды. Айта кету керек, білім беру ісінің үздігі Бөгенбай Шаңқұловты еске алуға арналған турнир екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жарысқа тоғыз салмақ дәрежесі бойынша жүзден астам спортшы қатысты.