#qyzylordatv

Қалалық жастар ресурстық орталығы волонтерлер күніне орай осындай тақырыпта іс-шара өткізді. Еркін форматтағы басқосуға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов қатысып, белсенді топ өкілдерінің ұсыныс-пікірін тыңдады. Қайырымдылық шараларға, тазалық акциясына қатысып жүрген еріктілерді марапаттады.

 Еріктілер – қызметін пұлдамайтын, ақы сұрамайтын, мұқтаж жанға шын көңілмен жәрдем беріп, қайырымдылық шараларға үн қосатын, туған жерді түлетіп, тазалыққа ден қоятын қоғамның қозғаушы күші. Расында волонтерлердің еңбегі адал. Бойында жастық жалын мен жігері тасыған белсенді топ өкілдерімен қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов кездесіп, ризашылығын жеткізді.

ДІЛМҰХАМЕД АБИЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ \еріктілік жүректен шығатын қасиет. Сондықтан сіздердің әрбір істеріңіз елге деген үлгі...\

 Бүгінде аймақта түрлі бағыттағы жұмыстармен айналысатын волонтерлік ұйымдар көп. Солардың бірі – «Ел арай» қоғамдық қоры. 2015 жылы құрылған қор қазіргі күні бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның ішінде балаларды оқытуға, жастарды жұмысқа орналастыруға, жағдайы төмен отбасыларда аяққа тұрғызып, қатарға қосылуына ықпал етіп жүр.

 АСХАТ БАЙДӘУЛЕТОВ – «ЕЛ-АРАЙ» ҚҚ ТӨРАҒАСЫ \Бұл әрине ұзақ жылдарды қажет ететін проек. Бала оқу бітіру керек, жұмыс жасау керек...... \

 Қызылордалық еріктілер қашанда белсенді. Әсіресе, экологиялық акцияларға қатысып, туған жердің тазалығына айрықша үн қосып жүр. Солардың бірі Досымжан Бақытұлы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті туған қаламызды күл-қоқыстан тазартып, жасыл желекке айналдыру баршаға ортақ міндет, - дейді.

Шара соңында жыл бойы белсенді жұмыс істеп, ел алғысын арқалаған волонтерлер мен ассамблея жастары қала әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.