#qyzylordatv
Халықаралық волонтерлар күніне орай Достық үйінде «Жүректен жүрекке» атты өнер фестивалі өтті. Шараның мақсаты – мүгедектігі бар балалардың шығармашылығын қолдау әрі қайырымдылық бастамаларды насихаттау.
Іс-шарада жыл бойы жүзеге асқан әлеуметтік жобалар қорытындыланды. Ерекшелігі сол, барлық бағдарлама сурдоаудармамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жиында Ассамблеяның ел бірлігін нығайтудағы рөлі айтылды. Кеш барысында өңірдегі меценаттар, этномәдени бірлестіктер мен еріктілерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталып, жас өнерпаздар өнер көрсетті.
БАҚЫТЖАН КАМАЛОВ – «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ДИРЕКТОРЫ //Бұл біздің биыл өздеріңізге белгілі Қазақстан халық ассамблеясының 30 жылдығы осы Қазақстан халқы ассамблеясының жанында бізде Жомарт жан орталығы бар. Бұл жомарт жан орталығының негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға көмек беру, қайырымдылық шараларды ұйымдастыру,үйлестіру болып табылады. Енді жыл көлемінде бізде биыл 110-нан астам шара өтті. Жалпы 5000-ға жуық жергілікті тұрғындар қамтылды. Осы биылғы өткізілген қайырымдылық шараларда жомарт жан орталығының рөлі ерекше.
ИРИНА ШЕК – НЕМІС ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 0004 //Бұл – ерекше концерт. Балалардың өнер көрсетуі – біздің жыл бойғы жұмыстың жемісі. Қызылордада мейірімді адамдар көп, олардың қолдауының арқасында осындай игі шаралар өтеді.//