#qyzylordatv

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен халықаралық мүгедектер күні аясында салтанатты жиын өтті. Қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Рухы мықты, талабы мен талғамы биік жандар туралы тілшіміз айтып берсін.

Жанары жоқтар көргісі келед, аяғы жоқтар жүргісі келед, тілі жоқтар сөйлегісі келед. Тағдырдың сынағына көнгісі келмейд. Тұңғиыққа түсіп, сөнгісі келмейд. Бұлқынған тұла бойда қаншама дарын жатыр, зерде мен санада қаншама идея сайрап жатыр.

 Дәл осы жандардың мүмкіндігі шектеусіз дер едік. Олар мүгедек едік деп қарап отырмай, қолөнермен де, спортпен де, қоғамдық жұмыспен де белсенді айналысып, тағдырлас жандарға үлгі болып, мына бір дүниеге кетігін тапқан кірпіштей қалануда

 Қарттар үйіндегі үлкендеріміз де бей-жай отырмауда. Мына самаурын, кесе-шәйнек, гүл атаулыны сондағы әжелер тоқыған. «Бір бұйымды әрі кеткенде 1,5 сағат ішінде әзірлей аламын», - деді Светлана Старцева бізбен әңгімелесу барысында

СВЕТЛАНА СТАРЦЕВА - №1 ҚЫЗЫЛОРДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /459001 00:26 Мына көріп тұрған бұйымның бәрі өзіміздің қолымыздан шыққан. Қарттар үйінің тұрғындары қарап отырмайды, екі қолға бір тірлік тауып аламыз. Бізге келіп, басқа да керемет туындыларды өз көздеріңізбен көруге кеңес беремін/

 Тағдырдың ісіне кімнің бар шарасы, жасаған ізгі іспен берілер кісі бағасы демекші, мүгедек жандар ұйымдастырған жәрмеңкеге біз де өз үлесімізді қостық. Айтпақшы, жергілікті әкімдіктер осындай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастырып тұрса, бұл ісмер жандарға керемет мотивация болар еді.