#qyzylordatv #заңментәртіп
Криминалистикалық оқу-жаттығу полигонында тергеушілер, анықтаушылар және криминалист мамандардың қатысуымен практикалық сабақ өткізілді. Оқу жаттығу дәрісі қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар бойынша оқиға орнын қарап-тексеру тақырыбына арналды.
Сабақтың мақсаты – атыс қаруы қолданылған жағдайларда оқиға орнын дұрыс ұйымдастыру, дәлелдемелерді табу, жинау. Сондай-ақ процессуалдық құжаттарды сауатты ресімдеу дағдыларын нығайту, криминалистикалық талаптар мен тергеу тактикасын тәжірибе жүзінде меңгерту. Оқу барысында қатысушыларға шынайы жағдайға ұқсас үлгілік сценарий ұсынылып, атыс қаруы қолданылған қылмыс орнын қарау кезеңдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Оқу-жаттығу сабақтары тергеушілер мен криминалистердің кәсіби біліктілігін арттыруға, қылмыс орнын сапалы қарап-тексеру деңгейін көтеруге және халықаралық стандарттарға сай жұмыс тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.