#qyzylordatv

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің облыс бойынша департамент басшысы қызметін атқарған Аимбетов Айдар Ақанұлын әріптестері құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.

 Жалпы, Қазақстан Республикасы 5 мемлекетпен шектеседі. Шекараның ұзындығы 15 мың шақырымнан асады. Соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Қызылорда шекара жасағының сарбаздары 700 шақырым аумаққа бақылау жүргізіп келеді. Айдар Ақанұлы аталмыш құрылымға 2022 жылдың шілде айынан бері басшылық жасады. Үш жарым жылға жуық уақытта оның жетекшілігімен шекарадағы заңсыз көші-қон мен көлеңкелі тауар айналымына айтарлықтай тосқауыл қойылды. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов аймақ басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, Айдар Ақанұлына облыстың құрмет грамотасын табыстады.