Аймағымызда алдағы күндері аптап ыстық күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы күндіз 43 градусқа дейін көтеріледі.
ГҮЛЖАЙНА ӘБДІЛЛАЕВА, ТІЛШІ
"Дәл қазір күн райы қызылордалықтарға қарасып тұр. Күн бұлтты. Ауа температурасы орташа есеппен 26-28 градус. Бұл жаз мезгілінде жайлы климаттық көрсеткіш. Дегенмен маусымның екінші, үшінші онкүндігінде ауа райы өзгеруі мүмкін.
СӘУЛЕ ТАСТАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ
"Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +14-19 градустан +25 градусқа дейін, күндіз +28-33 градустан +38-43 градусқа дейін қатты ыстыққа жоғарылау болжанады. Үшінші онкүндікте ауа температурасы күндіз +33-38 градустан +28-33 градусқа ауытқу болжанады. Жауын - шашын маусым айында нормадан аз күтіледі. Шаңды дауыл мен жел облыстың солтүстігі мен орталығында жиі болжанады, алдағы күндері өрт қаупі сақталып дабылды ескерту беріледі.