Өңір тұрғындары түрлі салада құжат әзірлеу кезінде әр есікті бір қағып әуре-сарсаңға түспеуі керек. Бұл ретте бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу маңызды. «Amanat» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті жиынында осы мәселе таразыланды.

 Көшпелі жиын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының алаңында ұйымдастырылды. Кеңесте құрылым жетекшісі халыққа ашық әрі сапалы қызмет көрсету бағытында атқарылып жатқан жаңашылдықтарға тоқталды. Мәселен, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап орталықта «Жасыл дәліз» жобасы жүзеге асырылып келеді. Атауы айқындап тұрғандай бұл тетік жемқорлық тәуекелдерін тойтарып, қызмет көрсету сапасын жетілдіруге бағытталған. Тәжірибе тиімділігін көрсетіп, бүгінге дейін бұл бастама аясында тұрғындарға 451 қызмет көрсетіліпті. Жалпы орталықта осы бағыт бойынша 11 жаңашыл жоба жүзеге асырылып жатыр. Жиында кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтарды оң бағалап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ /Өздеріңізге белгілі президент үнемі айтып келе жатыр елде сыбайлас жемқорлықты азайту алдын алу тәуекелдерді болдырмау соның арқасында халыққа қолайлы жағдай жасау. Отырыстың мақсаты- бұл халыққа сапалы қызмет көрсету, көру , талқылау, нақты шешімдер қабылдау болып табылады.../