#qyzylordatv

Спорт әлемінен ақпар. Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына тура бір ай қалды. Милан мен Кортина-д'Ампеццо курорттық қаласында болатын ойындар барысында 16 спорт түрінен 245 алтын, 245 күміс, 245 қола жүлде сарапқа салынады.

  Жарысқа 93 елден үш мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 116 марапат үшін бақ сынайды. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 6 ақпанда Милан қаласында өтеді, ал жабылуы 22 ақпанда Верона қаласында болады деп жоспарланған.

     Ойындар бағдарламасы конькимен жүгіру және шаңғы жарысы спортшыларының өнер көрсетуімен басталады. Соңғы кезеңде тау шаңғысы бойынша жарыс өтеді. Ал Ұлттық құрама ойыншылары спорттың 10 түрінен бақ сынамақ. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.