Байқоңырда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай ескерткішінің маңын тазалап, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
БАЙҚОҢЫР
Экологиялық акцияға қатысушылар алдымен ескерткішті жуып-сүртіп, шаң-тозаңнан тазалады. Содан соң әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, бүгінде жұлдызды қалашық еліміз бойынша таза қалалардың бірі .
ҚАЙРАТ НҰРТАЙ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Президент Қ. Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында осы аптада «Киелі мекен» апталығын жариялаған болатын. Байқоңыр тұрғындары да осы акцияны қолдап, біздің осы Абай ескерткішінде реттеп, абаттандыру жұмыстарын, қайтадан әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы алдымызда 20-сәуірде де сенбілік өтеді. Бүкіл қалалық сенбілік болып жоспарланып отыр. бұл «Таза Қазақстан» акциясы біркүндік емес, күн сайын өтіп жатыр. Қаламызда сырлау жұмыстары, тазалық жұмыстары қатаң бақылауда болып атқарылып жатыр».