#кызылордатв

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. «Қазақстанда Жеңіс үніне или рай көптеген іс-шара өткізілип жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет», деді президент.

 Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға осан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлерімиз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай кресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қийындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусиз үлес қосты.

      Біз Жеңіс күнінде бейбит өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңыздылығын терең түсінеміз. Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді. Мен бұған кәмил сенемін. Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!", – делінген құттықтауда.