#qyzylordatv
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елде жаңа салық кодексі күшіне енеді. Айтулы өзгерістер жеке табыс салығынан бастап барлық бағытты қамтиды. Бұл туралы Достық үйінде өткен семинар барысында айтылды. Алқалы жиынға мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов қатысты.
Негізінен салық кодексіндегі өзгерістер ел экономикасы мен бизнестегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. 2026 жылдан бастап салық есептілігінің көлемі 30 пайызға, салықтардың саны 20 пайызға азаяды. Елеулі өзгерістер жеке табыс салықтарынан бастап барлық бағытты қамтиды. Яғни жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесі белгіленеді. Салықта жеңілдік көбейеді. Жоспарлы тексеріс деген болмайды. Қосылған құн салығының мөлшері де өзгереді. Кездесуде мамандар жер, мүлік салығына қатысты өзгерістерге тоқталып, кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар салықтық рәсімдерді цифрландыру, талдау, есептеу жүйесін оңтайландыру секілді мәселелер талқыланды. Кәсіп иелерін толғандырған сауалдарға мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жауап берді. Соңғы жылдары елімізде «көлеңкелі экономика» тамырлап, кәсібінен түскен табысты салыққа төлеуден жалтарғандар көбейген. Ал «жаңа салық кодексінде осындай олқылыққа жол бермес үшін барлық мәселелер ескерілген»,- дейді мамандар.
РОЗА ЖАҢАБЕРГЕНОВА - КӘСІПОРЫН ЕСЕПШІСІ
//Бізге қатысты енді жеке табыс салығы барлық жеке қызметкерлерге ұсталып отырған шегерімдер жөнінде біраз ақпараттарды алдық. 14минималды АЕК 30-ға ұлғаяды екен. Соған байланысты біраз қызметкерлердің айлықтарына жеңілдік болып есептеледі.//
АЙНҰР САРТАЕВА - ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
///-Шекті айналым мөлшері 10 мың АЕК дейін төмендетілді. Яғни 40 миллион теңгеден егер табысы асқан болса және ол жалпыға бірдей салық режимін қолданып отырған болса, онда ол міндетті түрде қосылған құн салығының төлеушісі болып тіркелу керек. Сонымен қатар салық ставкасы 16 пайызға дейін көбейтілді.