Қасымова Айсұлу Жұмабайқызы, директордың орынбасары
1970 жылы туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Жас қазақ» газетінде тілшіліктен бастаған. Қалалық «Кызылорда таймс», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде, қала әкімінің баспасөз секторында хатшы, облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы қызметтерінде болған.
2004 жылдан бастап, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалында жауапты шығарушы, тақырыптық хабарлар редакциясының аға редакторы; 2010 жылдың наурыз айынан бері «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы қызметінде.
2005 жылы «Тілім барда тірімін» атты хабарының «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты бірінші ұлттық байқауының жеңімпазы; «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталған.