#qyzylordatv
Шиеліде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар қарқын алды. Биылдың өзінде онға жуық әлеуметтік нысан бой көтеріп, жол және электр желілері жаңғыртылуда. Жыл басынан бері атқарылатын шаруалар мен шетін мәселелердің шешімі аудан әкімінің қатысуымен өткен брифинг барысында баяндалды.
Бүгінде Шиелі ауданында 85 мыңнан астам халық тұрады. Олардың 37 мыңға жуығы экономикалық тұрғыдан белсенді буын. Тұрғындар саны жыл сайын артып келеді. Демек, ең алдымен жұртшылықты жұмыспен қамту жайы маңызды. Бұл ретте жаңа өндіріс ошақтарын ашу айрықша маңызға ие. Ауданға инвестиция тарту көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға артқан. Ал, ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд 711 млн теңгенің өнімі өндірілді.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазіргі таңда 5 400 тонна күріш, бау-бақша өнімдері Ресей, Қырғызстан республикалары мен еліміздің басқа аймақтарына экспортталуда. Жалпы ауданда соңғы 4 жыл көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларының паркі 68,5 пайызға жаңарды...
Шиелі – көгілдір отын мәселесі ең оңтайлы шешілген ауданның бірі. Бүгінде 19 ауылдың 70 мыңнан астам тұрғыны табиғи газдың игілігін көріп отыр. Аудан орталығына іргелес ауылдардың басым бөлігіне газ жеткізіліп болды. Енді шеткері елді мекендерге екпін берілмек. Ауданда жол инфрақұрылымын жетілдіру ісі де олжалы. Биыл аудан орталығы мен бірнеше ауылдың көшелері жаңғыртылып жатыр.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Бюджеттен тыс көздерден демеушілер тарту арқылы аудан аумағында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның бірі Шиелі-Тайқоңыр автомобиль жолына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары...
Ал, құрылыс саласында соңғы жылдары жүздеген пәтер халық игілігіне берілді. Биыл тағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аудан тұрғындары толықтай сапалы ауыз сумен қамтылған. Жиында Айтбай Насриддинұлы осындай оңды өзгерістерді тілге тиек етті.