Қазақстанда Атом Электр Стансасын салу бойынша референдум келесі айда өтеді. Осыған орай өңірімізде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары басталып кетті.

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері «DalaTex» және «БАСТАУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұжымымен кездесті. Жиында референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, ұжым мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап берілді.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ \\ Өздеріңізге белгілі, Президент былтырғы жылдан бастап елімізде арнайы АЭС салу мәселесі бойынша халықтық талқылаулар болды. Президент Жолдауында 6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салу бойынша арнайы жарлыққа қол қойды. Республикалық Халықтық штаб құрылды. Аймақта облыстық Халықтық штаб құрылып, бүгінен бастап елімізде атом электр станциясының маңыздылығын, елге қажеттілігін мекеме, ұжымдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.