Облыс көлемінде жолаушы тасымалымен айналысатын көліктердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы жарияланды.


 «Тасымалдаушы» Іс-шарасына 400-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылып, мобильді топтар 134 бағытта жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың мыңнан астам дерегі тіркеліп, әкімшілік хаттамалар рәсімделген. Жалпы жолаушылар қауіпсіздігі ең алдымен тасымалдаушылардың тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты. Осы бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.


 МҰРАТБЕК МАНАТОВ, ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

// Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының 21-25 жұлдызы аралығында ‘Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның барысында барлығы облыс көлемінде 1436 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін өрескел құқық бұзушылықтар тоқталатын болсақ,көлік құралын масаң күйде басқарудің 7 дерегі, көлік құралын қарсы бағытқа шығып басқарудың 2 дерегі, көлік құралын қайта жабдықтаудың 57 дерегі анықталды//