Қалалық бюджет көлемі 167 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 50-ші сессиясында айтылды. Сессия отырысында қаланы дамыту бағытындағы өзге де жоспарлар кеңінен талқыланды.


 Сырдария өзені жағалауына Сұлтан Бейбарыс көшесінен Су торабына дейінгі учаскеде жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдарды орналастыра отырып, қорғаныс бөгеті салынады. Сонымен қатар бес ірі көшеде реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүреді. Күн тәртібіне алдымен «2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту» және «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму жоспарын бекіту» туралы шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі шығарылды.


 ГҮЛНӘР БАЙМАХАНОВА - ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Сессияда қала әкімінің орынбасары инвестициялық жоспарға «Қызылорда қаласында 600 мың кітап қорына арналған кітапхана құрылысы» және «Облыстық драма театры құрылысы» енгізілгенін жеткізді.


 АРНҰР НҰРМАҒАНБЕТОВ - ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қалалық бюджетке өзгеріс енгізу барысында бюджет кірістерін ұлғайту есебінен, қаланың әлеуметтік және коммуналдық-шаруашылық салаларына қаражат бағытталды. Депутаттар тарапынан да бірқатар ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді.