Қала әкімінің төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиында көрнекі ақпарат құралдарының дұрыс орналасуы, әлеуметтік желіде көтерілген проблемаларға дер кезінде жауап беру мәселесі қаралды.

Тұрғындар тарапынан қала әкімдігінің парақшасына жыл басынан бері 393 сауал түскен. Оның басым бөлігі коммуналдық салаға қатысты.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІ \Көп жағдайда масылдық көзқарас қалыптасқан. Әлеуметтік желіде ана жерде мусор, мына жерде тал құлап жатыр деп. Мұны тұрғындарға түсіндіру керек. Бұл кск-ның жұмысы. Сын болады жұмыс бар жерде. Бірақ қаншама жұмыс жасалыпжатыр. Соны көрсету керек. 25 көпқабатты үйдің ауласында балалар алаңы жөнделуде...\

Қалада істеліп жатқан жұмыс көп, соны халық білуі керек. Сондықтан ақпараттандыру жұмыстарын қолға алыңдар деді, - қала әкімі. Тағы бір мәселе, тозығы жеткен тұғырлар мен жыртылған билбордтарды жаңарту керектігі айтылды.

ЕРХАН БАҚБЕРГЕНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ \Атап айтқанда, барлық жеке тұғырлардың тазалығы сын көтермейді. Атап айтқанда, 37 тұғырдың түсі өңген, 32 тұғырға билборд ілінбеген, 3 тұғырдағы билборд ескірген, сондай-ақ, бірнешеуінде байлау сымдары сыртына шығып тұр\

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІ \Соның бәрін ретке келтіру керек. Бұл бағытта не істеп жатсыңдар? ..жұмысты реттемесе жауапкершілігін қарау керек....\

Жалпы, қала аумағында жеке кәсіпкерлер тарапынан жарнамалық көрнекі ақпарат құралдарын ілуге арналған 127 тұғыр орналасқан. Қазір оның 32-і бос тұр. Қала әкімі жауапты сала басшысына кәсіп иелерімен жұмыс жасап, шаһардың сәнін кетіріп тұрған тұғырларға билборд ілу керектігін тапсырды.