Мемлекеттік тілді дәріптеп, қолдану аясын кеңейту мақсатында жарияланған тіл айлығы қорытындыланды. Осыған орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ұлттық рухтың негізі - ана тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Тіл айлығына байланысты облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі форматтағы жиындар мен байқаулар ұйымдастырылған болатын. Шара барысына жарыс жеңімпаздары мен тіл жанашырлары марапатталды. Ал, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат, ақын Ақжол Түменбай және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары баяндама жасап, пікір алмасты.

ЛӘЗЗАТ ЕСІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ \Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, этносаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру керек деген тапсырма бар. ... \