Облыстық филармония мен Сыр өңірінің бишілер қауымдастығы «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық концертін өткізді. Айта кетейік, концерттен түскен қаржы су тасқынынан зардап шеккен Құлсары халқына жіберіледі.

Қазақ қашанда жылағанды жұбатып, жығылғанды сүйеп, қолдан келгенше қолдау білдіретін дархан халық. Міне, өңір өнерпаздары да ел басына күн түскен қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, игі іске атсалысты. Қайырымдылық концертіне білім беру ұйымдарының жанынан құрылған би топтары мен өнер ұжымдары қатысып, көрерменге ерекше ләззат сыйлады.

ГҮЛБАНУ МЫРЗАБАЕВА - «ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІНІҢ БАС БАЛЕТМЕЙСТЕРІ

// Әрине бұл Қызылорда облыстық филармонияның ұйымдастыруымен, осындай бишілердің үлкен концертін жасап жатырмыз. Бүгінгі бағдарламада 20 би ансамбльдері қатысады, олар барлығы осы Қызылорда қаласының би студияларының, өнер мекептерінің, мектеп үйірмелерінің балалары, сонымен қатар Қорқыт ата университетінің студенттері, Мәншүк Мәметова атындағы пед.колледж, Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің хореография бөлімінің студенттері және әрине Томирис би ансамблі бастап тур//

СНХ: СЫМБАТ РҮСТЕМҚЫЗЫ - «СЫМБАТ» БИ АНСАМБЛІІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

/ Бүгінгі біз біргеміз атты қайрымдылық концертке менің кішкентай балапандарым өз өнерін көрсететін болады. Концерттен түскен қаражатты біз су тасқынынан зардап шеккен аудандарға осы ақшаны жіберетін боламыз./