Бүгін – Дүниежүзілік кітап және автор құқғын қорғау күні. Осыған орай №11 бағыттағы әдеби автобус жолға шықты. Ерекше шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері ұйымдастырған.

Жолаушылар жол жөнекей ән тыңдап, ақындардың поэзиялық өлеңдерімен сусындады. Ал, кітапқа жаны құмар жас өрендер ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жолаушылардың алғысын алды.

// Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы деп, барлық алтын қазына осы кітапта. Білімде. Осы кітаппен, біліммен адамның бойында ұлттық салт-дәстүр қалыптасады. Қазіргі жастарымыз кітап сүйер жастар болып, алдыңғы қатарда ойлы жастар болып өсе берсін.

Әдеби автобусқа мінген жолаушыларға Сыр елінде туған ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылды. Мұнан бөлек, викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс тапқандарға кітаптар табысталды.

ҚАРЛЫҒАШ СРАЖАДИНОВА – ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ АҒА КІТАПХАНАШЫСЫ // Бұл сұрақтар осы кітаппен байланысты. Кітап, кітапхана төңірегінде. Рухани қазынамыздың төңірегінде. Біздің жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен байланысты. Әрбір мінген жолаушыларымыз кітапханаға барады ма, кітапханаға барғанда қандай бағыттағы кітаптар оқиды, сол жөнінде ерекше сұрақтар қойылады.