Сыр сахнасында «ХХІ ғасырдың Шәмшісі» атанған Үкітай Ерниязов «Әуенім» атты шығармашылық кеш өткізді. Бұл оның ел алдындағы ең алғашқы жеке концерті. Әуезді кеште қазақ эстардасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті.

Миллиондардың жүрегіне жеткен әннің авторы – Үкітай Ерниязов. Қаршадайынан қара домбыраның құлағында ойнап, жыр жақұтын сарқып ішкен. Оның сөйлегені саз, «әу» дегені әуен болып төгілетіні сондықтан. Сазгер әр туындысында әуелі сөздің парқын пайымдайды. Сонан соң ол әнге айналады.

АҚЖОЛ ТҮМЕНБАЙ – АҚЫН // Шәмші атамыз сияқты сөзге аса қатты мән беретін және сөздің өзінен әуен іздейтін сазгер. Енді оның түп тамыра жырдан бастау алғандықтан қоңыр сұлу әндерге құйылып келіп келеді әндер. Сондықтан жұрттың жүрегінен орын алып жатқан әндердың барлығы біздің қазақы қоңырлығымыздың белгісіндей боп тұрады.

Ол бүгінге дейін 300-ге жуық ән жазған. Жақында соның басын құрап, ән жинағын жарық шығарды. Соның біразы талғампаз тыңдарманын тауып үлгерген. Қазір оның лирикалық шығармалары үлкен сахналарда орындалып жүр.

КЕҢЕС ӘЛІМЖАН – ӘНШІ //Ү.Ерниязовтың әндерінің ерекшелігі өте сазды мағыналы. Осы заманда Ү.Ерниязов сияқты компанзиторлар керек. Ү.Ерниязовтың әндері де керек.

Үкітай Ерниязов сан өнерді өн бойына сыйдырған талант. Сыр сүлейлерінің сарқытын ішіп, күйшілік өнердің өрісін өрге сүйреп келеді. Осынау өнер көшін одан әрі жалғастырсын деген ниетпен Әуен атты бүлдіршіннің Сыр сахнасында тұсауы кесілді. Осылайша тыңдарман тәлім мен тәрбие тоғысқан кештің куәсі болды.

//Үкітайдың бұл халқына берген есеп концерті деп ойлаймын. әлі де талай биік белестерді бағындыра берсін. керемет көңіл күйде, дос бауырыммен керемет дем алып бара жатырмын.

// концерт өте жақсы өтті. компазиторлық жүрегімен өзінің әндерін жақсы орындады деп есептеймін. өзім қанағаттанамын. келешегіне зор табыс тілеймін.

ҮКІТАЙ ЕРНИЯЗОВ – САЗГЕР // А.Алматов ағамыздың сөзі бар ғой. Өнерге бір күнде келген жоқпыз, бір күнге келген жоқпыз деген. Көп жылдан бері армандап жүрген бүгін мәресіне жетті. Алдағы уақытта осы шығармашылығымды дамытып, дәстүрлі өнердің өкілі ретінде жырмен күймен өткізгенді қалаймын.

Үміт жырын үкілген Үкітай әлі талай тың туындыларымен тыңдарманын қуантпақ. Оның сайын далада сазды әуені қалықтайтына сенім мол.


Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/

Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/

Telegram - https://t.me/qyzylords_tv

Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/