Сыр өңірінде көкпардан ересектер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. 23-ші мәрте жалауын көтерген жарысқа 16 команда қатысуда.

Көкпарға Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Жетісу облыстарының, Астана және Шымкент қалаларының құрама командалары, сондай-ақ Орталық армия спорт клубының командасы қатысып жатыр. Көкпаршылар алдымен төрт топта өзара мықтыны анықтайды. Әр топтан үздік шыққан командалар арасында ақтық ойындар өтеді. Жалпы бұл жарыс дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы ұлттық құрама ойыншыларының дайындығын пысықтап, аттарды іріктеуге мүмкіндік бермек.