Қала қозғалысы бір минут та кідірген емес. Күнде де, түнде де абыр-сабыр. Осынау тынымсыз тіршіліктің тамыршысы қарапайым еңбек адамдары. Коммуналдық саланың қызығынан гөрі қиындығы басым. Мұндағы мамандар қытымыр қыста да, аптап ыстықта да алдыңғы шепте жүреді. Ақпанның аязы бетті қарып барады. Бірақ, апат айтып келмейді. Кез келген сәтте құбыр жарылып, жұрт тіршілік нәрінен қағылуы мүмкін.