#qyzylordatv
Баспаналы болу бақыты Жаңақорған жұртына да бұйырды. Ауданда 80 отбасы жаңа пәтерге ие болса, Келінтөбе ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Геотитр: Жаңақорған
Былтыр аудандарда әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 1800-ден астам тұрғын үй табысталса, бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып келеді. Жаңақорғандық 80 отбасы жаңа жылдың басында жаңа қонысқа ие болды. Тұрғындарға пәтір кілтін тапсырған облыс әкімі аймақта атқарылған іргелі істерді баяндады.
Көпбалалы ана Сұлухан Ақшалова жаңа үйге дастарқан жайып, отбасымен бірге дәм татты. Кең әрі жайлы үйге жайғасқан балаларының қуанышында шек жоқ.