#qyzylordatv
Шиелілік 30 отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ ауданда 40 мегаваттық күн электр станциясы жұмысын бастады. Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жаңа нысандардың ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
«Шиелі-Тайқоңыр» жолы негізінен өндірістік мақсатта пайдаланылады. Былтыр аймақ басшысына күре жолдың күрделі жағдайда екенін жеткізген тұрғындардың талабы көп ұзамай орындалды. «Қазатомпром» компаниясы 13 шақырым жолды асфальттауға 2,5 миллиард теңге қаржы бөлген. Жол құрылысын көрген облыс әкімі өндіріспен айналысатын өзге де кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейту қажет деді.