#qyzylordatv

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының құрылғанына – 34 жыл. Осыған орай, 55-те 47 әскери бөлімінде салтанатты жиын ұйымдастырылып, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүрген сарбаздар мен сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

 1992 жылы 10 қаңтарда президент жарлығымен елімізде ішкі әскер құрылды. Бұл қазіргі құқықтық тәртіпті ту еткен Ұлттық ұланның іргетасы еді. Содан бері 34 жыл өте шықты. Құрылымның атауы ауысқанымен әуелгі мақсат өзгерген жоқ. Ұлттық ұлан - мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, әрбір азаматтық құқықтық бостандығын қорғайтын құрылым. Мерейлі кеште осы міндетті мүлтіксіз орындап жүрген сала қызметкерлері мен сарбаздар марапат төрінен көрінді.

 АСЫЛБЕК АСҚАРБЕКОВ – №55/47 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Еліміз тәуелсіздігін алған кезеңде көптеген мемлекеттік органдар қайта құрылды, солардың алғашқыларының бірі болып, мемлекетіміздің қоғамдық қауіпсіздік құрылымында маңызды рөл атқаратын ішкі әскерлер, қазіргі Ұлттық ұлан құрылды. Осы жылдар ішінде әскерімізде көптеген сапалы өзгерістер болды.../

 55/47 әскери бөлімі Ұлттық Ұланның міндетін жүзеге асыратын өңірдегі бірден-бір құрылым. Аталмыш әскери бөлім 2009 жылы құрылған. Мұндағы мамандар өздеріне жүктелген әскери-жауынгерлік қызметті абыроймен атқарып келеді. Жасыратыны жоқ, ескі ғимаратқа орналасқандықтан алғашқы жылдары бірқатар қиындықты бастан өткерді. Десе де 17 жыл бедерінде әлеуеті мығым әскери бөлімге айналған.

 ОРЫНБАСАР КЕҢЕС – САРБАЗ

Отан алдындағы борышын өтеу әрбір азаматтың борышы деп білемін. Осы міндет жолында әскери борышымды өтеп жатқаныма 7 ай болды. Өзім Тараз қаласының азаматымын. Біздің әскери бөлімде мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге барлық жағдай жасалған. Ұлттық ұланның құрылғанына 34 жыл болып жатыр. Барша сарбаздарды мерекемен құттықтаймын/

Осылайша әскери бөлім сарбаздары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ерлік үлгісін көрсетіп келеді. Жауынгерлік рух сезілген салтанатты шара өңір өнерпаздары мен әскери бөлім сарбаздары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.