#qyzylordatv
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді ауыз сумен қамту, су үнемдеу технологияларын енгізу және цифрландыру, су бұру жүйелерін дамыту мәселесі қаралды. Жиынға селекторлық режим арқылы қатысқан облыс әкімі күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Өңірде өткен жылы 5 ауыл орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылса, 2 елді мекенде су тұшытқыш қондырғылары орнатылды. Осылайша Президент тапсырмасына сәйкес аймақ тұрғындары түгелдей сапалы ауыз суға қол жеткізді. Сонымен қатар, Арал, Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам халқын тіршілік нәрімен қамтитын «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының екінші желісін салу жобасы басталды. Облыс әкімі жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне құрылыс барысын қатаң қадағалауды тапсырды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Жоба өңіріміз үшін маңызды, соны ескеруіміз керек...\