#qyzylordatv

Парламент мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов қаладағы темір-бетон бұйымдарын шығару зауытына барды. Өндіріс орнының тынысымен танысып, құрылысшылармен кездесті. Құрылыс кодексіне енген заңнамалық өзгерістерге тоқталып, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

 Енді құрылыс жұмыстарымен айналысатын компанияларға қойылатын талап күшейеді, жауапкершілік жүгі артады. Себебі, жер сатып алудан бастап, нысанды қолданысқа беруге дейінгі процестің барлығы «E-Qurylys» арқылы жүзеге асарылады және қандай жұмыстар жүріп жатқаны айқын көрініп тұрады. Тағы бір жаңалық, құрылыстың кепілдік мерзімі ұзартылды әрі сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Бұрын қандай нысан болмасын кепілдігі 2 жыл болса, енді 10 жылдан кем болмауы тиіс. Яғни, мердігер мекеме өзі салған құрылыс нысанының сапасына өзі жауап береді.

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \Барлық деңгейде мемлекеттік бақылау болады және аяғында мемлекеттік органдар қабылдау керек. Оған МЧС-ті қостық, ГАСК-ты енгіздік. Қол қоятын адамдар барлығы жауапты болады. .... \

Енді бір жобаны бір мердігер ғана жүзеге асырады. Бұл құрылыс сапасының жақсаруына үлкен мүмкіндік береді. Темір-бетон бұйымдарын шығару зауытының жұмысшыларымен кездескен мәжіліс депутаттары заңға енгізілген осы және өзге де өзгерістерге тоқталды.

 МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \Егер тендерді ұттыңба 70 пайызын өзің жаса, қолыңнан келмейма алма деп талап қойдық. Бұл құрылыс кодексі бірінші кезекте азаматтардың талабы, қауіпсіздігі. Соған жұмыс істедік. Кодекс өте сапалы шықты. Мемлекет басшысы талаптарының барлығы енгізілді. Қоғам айтқан сұраныстың барлығын орнына келтірдік. ...\

 «Құрылыс - көлік компаниясы» құрылысқа қажеті темір-бетон бұйымдарының барлық түрін шығарады. Өндіріс орнының алға қойған басты мақсаты – сапа. Сондықтан олар жаңа Кодекске енгізілген өзгерістерді қолдайды.

 АЛМАС ҚАЗТАЙ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \сапа стандартына көп көңіл бөлеміз бірінші кезекте...\

Қазір зауытта 100 адам тұрақты жұмыс істейді. Өндіріс орнында барлық жұмыс автоматтандырылған. Өнімдері өңірден бөлек еліміздің ішкі нарығында сұранысқа ие.