#qyzylordatv

Елімізде кәсіпкерлерге көмек ретінде "Халық бухгалтері" акциясы өтіп жатыр. Тегін консультациялық көмек бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.

 Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесу үшін «Халық бухгалтері» акциясын бастады. Өңірімізде бұл іс-шара әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10-нан 13:00-ге дейін өтіп жатыр. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ұйымдастырылған акцияда мамандар тарапынан біраз кеңес берілді.

СЕРІК НҰРТАЗАЕВ – ЗЕЙНЕТКЕР

Мен өзім зейнетте болғанменен інілерімнің жеке кәсіпкер інілерімнің отчеттарын жүргізетін едім бұрын оңайлатылған әдіспен жүргізетінбіз. Енді мынау жаңа заң өзгергеннен кейін олардың жұмыс істейтін мекемелері оңайлатылған әдіспен жүрмейді жаңағы жалпыға бірдей міндетті әдіспен жүреміз деп айтты. Енді бірнеше сұрақтар туындады да салықтың қызметкерлерінен сұрайын деп келсем республикалық акция болып жатыр екен. Кіріп сөйлесіп едім, бәрін түсіндіріп берді.//

 ОМАР БИЖАНОВ – КӘСІПКЕР

Мен салық мәселесі бойынша келдім. Бұрын жеңілдетілген режимде едік. Қазір жұмысымызды қалай дұрыс жүргізу керек, салықты қалай және қашан төлеу қажет, есептілікті қай уақытта тапсыру керек – осының бәріне жауап алдық. Ризамыз.//

Айта кету керек, кеңестер тегін беріледі. Оларды кәсіби бухгалтерлер жүргізеді.

 ГҮЛСАРА ҚАРЫМСАҚОВА – ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Жалпы беріліп жатырған көмек жеке кәсіпкерлердің қазіргі таңдағы арнаулы салық режиміне өту болмаса бухгалтерлік есептерді қалай тапсыру керек екендігін жөнінде кеңестер алып жатыр.

 Мамандардың айтуынша, Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексінде көптеген өзгерістер бар. Сондықтан «Халық бухгалтері» акциясының маңызы зор. Жоба маусым айының соңына дейін жалғасады. Әрбір тұрғын тегін кәсіби кеңес алып, салық салудың жаңа талаптары бойынша толық мәлімет ала алады.