Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіруге арналған екі күндік семинар-тренинг өтті.

Басқосуда адам құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстың алдын алу бағытындағы заманауи тәсілдер сөз болды. Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері көтерілді.


НҰРҒАЛЫМ ӘБДІРОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ


//Заң мен тәртіп бұл жәй ғана ұран емес, бұл мемлекет пен қоғам өмірінің нақты ережесі яғни кез келген шешім заңға негізделіп халыққа түсінікті әрі әділ болуы тиіс. Азаматтар мемлекетке сену үшін заң бәріне бірдей жұмыс істеуі керек қандай қызметте болса да әкімдік, полиция сот немесе басқа органдар бәрі заң шеберінде әрекет етуі маңызды. Бұл қағидат ең алдымен адамның құқықтарын қорғауға бағытталған ешкімнің құқығы негізсіз шектелмеуі тиіс. Ал кез келген мәселе заңды жолмен шешілуі қажет.//


НҰРБОЛАТ ДҮЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 


//Негізгі мақсатымыз – осы заң және тәртіп идеалагамесі аясында өңірімізде кез келген құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында құқық қорғу органдарымен жергілікті атқарушы жалпы мүдделі органдармен бірлесіп атқарылған жұмыстарда ары мен қарай пысықтау одан әрі атқарылатын жұмыстардың бірлесіп жоспарларын бекіту.//