Облыс орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық ашық турнир басталды. Осымен он тоғызыншы мәрте жалауын көтерген доданың басты ерекшілігі – ойыннан озық шыққан 30 спортшы жасанды интеллектімен сайысады. Ой жүйесінің айқасы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.


 Биыл халықаралық ой додасына еліміздің барлық аймағынан және Әзербайжан, Түркіменстан, Қызрғызстан мен Ауғанстан елдерінен барлығы 450-ден астам спортшы қатысуда. Басты мақсат – жастардың зияткерлік қабілетін шыңдап, халықаралық байланыстарды нығайту.//

 Он жылға жуық уақыт Сырдария ауданында басшылық қызмет атқарған Нәлқожа Ергешбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосқан. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің табысы еселеніп, ауданның «күріш фабрикасы» аталуы да осы кезең еді. Еске алу турнирінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Нәлқожа Ергешбаевтың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, аймақ басшысының арнайы құттықтауын жеткізді.


ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ ,ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Құрметті, жарысқа қатысушылар! Халық үшін әр тарихи кезеңнің өз орны белгілі екенін бәріміз білеміз. Сол қоғамның дамуын және өркендеуінің ел іргесінің берік болып, халықтың ауызбіршілігі және ынтымағы үшін өзінің үлесін қосқан, үлкен жұмысын атқарған тұлғамыз Нәлқожа Ергешбаевтың атынан беріліп отқан турнирға баршаңыз келіп, қатысып отсыздар. Сіхдердің барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.//


 ӘБДІҚАДЫР ЕРГЕШБАЕВ, Н.ЕРГЕШБАЕВТЫҢ ҰЛЫ

Алғаш еске алу турнирімізді Тереңөзек кентінде бастадық. Осыдан жиырма жыл бұрын 50 адаммен өткізген болатынбыз. Одан кейін облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының арқасында қалаға ауыстырдық. Онан кейін облыстық, республикалық турнир болды. Енді міне, халықаралыққа көтерілді. Тілейтінім жас ойыншыларға жеңіс.//

 Ойыншылар 13 пен 21 жасқа дейінгі және ересектер болып үш топқа бөлініп, жүлдені сарапқа салмақ. Ал финалдық бәсекеде асығы алшысынан түскен 30 қатысушы жасанды интеллектімен ойнайды. Осылайша ұлттық ойынды цифрлық форматта танытуға қадам жасалып отыр.


 ХАКІМЖАН ЕЛЕУСІНОВ,ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Жарыстың негізгі жеңімпаздары 6-шы наурыз күні түстен кейін анықталатын болады. Бұл жарысқа ең мықты спортшылар шақыртылып отыр арнайы. Жарыстың басты ерекшелігі осы турнир аясында чемпион деген бөлек турниріміз бар. Тоғызқұмалақ спортында былтыр ғана пайда болған жасанды интеллекті бағдарламасы бар. Сол алғаш рет 30 спортшымен бақ сынайды. Бұл біржағынан тексеріс, яғни спортшыларымыздың деңгейін анықтаймыз.//

Зияткерлік сайысқа қатысушылардың бірі – Рауф Насруллах. Ауғанстандық спортшы қазақтың ұлттық ойынын жетік меңгеріпті. Ол бұған дейін Астана қаласында өткен дүниежүзілік көшпенділер ойынында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған.


 РАУФ НАСРУЛЛАХ,

ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ,/АУҒАНСТАН///

Мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетте оқимын. Сол жақта жүріп осы Қызылордада тоғызқұмалақтан жарыс өтеді дегенді естіп, балалармен дайындалдық. Сөйтіп, осы жарысқа кеп қалдық. Мен Ауғанстанда тұрғанда мұндай ойын түрін білмейтінмін. Қазақстанға келгеннен соң бұл ойын түрін ойнап көріп, көптеген жарыстарға бардым. Сәттілік тілеймін барша жарысқа қатысушыларға.//


 БАЙЫМБЕТ СЕЙДАХМЕТОВ,ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /ҚЫРҒЫЗСТАН/ //Аударма

Тоғызқұмалақ ойынын төрт жылдан бері ойнап келемін. Бірақ, дәл мынандай халықаралық жарысқа алғаш рет қатысуым. Жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Біз Қырғызстаннан команда болып келдік. Жаттықтырушымыз осы жарысқа дейін көптеген дайындық оқу-сабақтарын өткізіп, үйретті. Енді сол үйренгенімізді осы жарысқа қосатын боламыз.//


 ЯСМИНА ӨМІРСЕРІК,ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

//Мен жарысқа СҚО-нан келіп қатысып отырмын...//

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық турнир ел ішіндегі мықты тоғызқұмалақшыларды іріктеуге де мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, халықаралық доданың жеңімпаздары 6-шы наурыз күні белгілі болады.