Үкімет отырысында автожол саласын дамыту жайы қаралды. Олжас Бектенов орталық атқарушы органдар мен өңір әкімдеріне аталған саладағы жұмысты бақылауға алып, сапалы жүргізуді тапсырды. Осы ретте облыста қай бағытта жаңадан жол салынады? Тағы нендей жаңалық пен жаға ұстар тұстар бар, тілші тарқатсын...
Облыс әкімінің әркез әрбір жобаға қатысты қойып отырған басты талабы – құрылыс сапасы. Жолға қатысты да солай. Былтыр сол жолдар сапалы салынсын деген мақсатпен бюджеттен 50 млрд теңгенің үстінде қаражат бөлінді. Биылғы меже қандай?