#qyzylordatv
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты.
№60 мекемеде 901 сотталушы бар. Оның 821-і жұмысқа жарамды. Бүгінде мекеменің өндірістік аймағында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 300-ге жуық сотталушы еңбекпен қамтылған. Негізгі жұмыс бағыттары - темір бұйымдарын өндіру, ағаш өнімдерін дайындау. Құрылысқа қажетті газоблок, пескоблок, брусчатка, күйдірілген кірпіш те шығарылады. Арнайы контингентті еңбекпен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында №60 мекеме аумағындағы бос жер учаскесіне тез тұрғызылатын модульдік өнеркәсіптік ангар салу мәселесі көтерілді. Сондай-ақ «Dalatex» серіктестігіне мекеменің өндірістік аймағынан үй-жай беріліп, 20 тігін машинасы орнатылған. Осы арқылы 20 сотталушы тұрақты жұмысқа тартылып отыр. Сонымен қатар, облыс әкімі сотталушы азаматтардың қолдан жасаған ағаш өнімдерінің көрмесімен танысты. Бұл жерде күркетауық, үйрек және қаз секілді құстарды өсіріп, баптау қолға алынған.