#qyzylordatv

Ал, Серджо Маттарелла, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды.

Мәртебелі мейман бұл Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан мемлекеттер басшыларына ғана берілетінін айтты. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысын әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған қызметіңізді жоғары бағалайтынын жеткізді.