#qyzylordatv
Наркотизм қоғам үшін аса қауіпті. Сондықтан онымен күрес күшейе түседі деген болатын Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысында. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шықты. Бұл топ аса ірі көлемде заңсыз есірткі затын егіп, өсіріп, өткізіп келген. 23 адамнан құралған аса ауыр қылмыстарды ұйымдастырып келген лауазымды тұлға екені де анықталды.