#qyzylordatv
Бабалар жолы ұрпақ санасында жаңғырды. Шиелі ауданында Шашты ата Кенжеғұл бабаның рухына құран бағышталды. Ұрпақтары жиылып, ас берді. Көпшілікті біріктірген тағылымды шарадан тілші бейнематериалы
Тарихи деректерге сүйенсек, жоңғар шапқыншылығы кезінде Шашты ата ұрпақтары бөлініп Жетісу өңіріне, енді бір бөлігі Сыр бойына қоныс тепкен екен.Бүгінде сол ағайындардың басын қосу мақсатында дәстүрлі ас беріліп отыр.
БОЛАТ КӨЛІМБЕТ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі беріліп жатқан астың ерекше тарихи мәні бар. Осы сыр бойынан Ақбай батыр, Қарабай батыр бастаған көш қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғау үшін шығысқа шекараға ауысады. Қазір сол 3 ғасыр бұрын ажырап кеткен қос батырдың ұрпақтары мен Сыр бойындағы ағайындардың бас қосуы. 00:50 Қарға тамырлы қазақпыз ғой, сол қарға тамырлы қазақтардың ажырап кеткені, соны бірін бірі біліп аралассын деп, сондай керемет тарихи танымдық ас болып жатыр.
МҰРАТ ТҰРАБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Жетісу облысы мен Қызылорда облысының арасындағы байланысты нығайтып жатыр. Жалпы қазақ дәстүрінде ас беру бұл ұрпақтардың өзінің ата бабаларын ұмытпау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондықтанда осындай ас ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғап, өткенді ұмытпау біздің өткенді ұмытпау бағытындағы жалғасып жатқан игі іс деп білемін.
Бабалар жолы – ұрпаққа тәлім. Ал мұндай іс-шара жастарды бауырм алдыққа, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.