#qyzylordatv #заңментәртіп
Үйінің ауласында аса ірі көлемде есірткі өсірді деген күдікпен Сырдария ауданының тұрғыны құрықталды. 43 жастағы күдіктінің бау-бақшасынан 138 келіге жуық 34 түп сора өсімдігі анықталып, тәркіленді.
Бұдан бөлек полицейлер күдіктінің үйін тінту барысында жасыл түсті шөпті анықтап, айғақ зат ретінде алды. Сараптама нәтижесінде бұл заттың 19 келіден асатын «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Қазіргі кезде күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.
Айта кету керек, «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы облыс көлемінде 135 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 1 тонна 383 келі есірткі тәркіленген. Бас-аяғы 5 фитозертхана анықталды. Бұл қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 47 адам жауапкершілікке тартылған.