#qyzylordatv

Заңсыз құрылыстарға жол бермеу мақсатында Қызылордада құрылыс нысандарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде Әйтеке би көшесінде бой көтеріп жатқан кәсіпкерлік нысанға қатысты заңсыздық анықталды.

 Осы кезге дейін көпқабатты ғимараттың біршама бөлігі бой көтеріп үлгерген. Алайда ғимараттың эскиздік жобада көрсетілмеген аумағы бұзылуға жатады, дейді мамандар. Оның себебін былайша түсіндірді:

 ЕРДӘУЛЕТ МҮБӘРАК, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  құрылыс нысаны бойынша бұған дейін бөлім тарапынан кәсіпкердің өтінішіне сәйкес эскиздік жоба келісілген болатын. Аталған эскиздік жобада құрылыс нысаны 14 метр ұзындықта көрсетілген болатын. Алайда сараптаманың қорытындысымен рабочий проектіні жобалау барысында 19 метр қылып көрсетіп, сараптаманың оң қорытындысын алып алған. Кейіннен бөліммен жүргізілген мониторингтің нәтижесінде сондай заңсыздықтың бар екені анықталды. Кәсіпкерге бөлім тарапынан ескертпе беріліп, облыстық құрылысты бақылау басқармасына құжаттар жолданды. Рұқсат берген жобалаушы-сараптамашы ұйымға шара көрілді. Қазіргі таңда кәсіпкер тарапынан өз қаражаты есебінен заңсыздықтар жойылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылып, құрылысты бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 НҰРСҰЛТАН БАЙМЕНОВ, МЕНШІК ИЕСІНІҢ ӨКІЛІ

Жалпы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан құрылыс нысанына байланысты бастапқы жобалау жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Одан бөлек екінші кезекте сараптама оң қорытынды беріп жіберген. Соның салдарынан қазіргі таңда жеке кәсіпкердің мүддесі бұзылып отыр.Осыған байланысты қазіргі таңда әкімдік пен тиісті уәкілетті органдармен өзара түсінісіп, құрылысты өз еркімен бұзып жатыр. Сонымен қатар заң талаптарына сәйкес қайтадан жобалау қорытындысын алып, сараптама қорытындысы алынатын болады алдағы уақытта.