#qyzylordatv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелла І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты Италия Президентіне Қазақстан және Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны үшін табыстағынын айтып, бұл қазақ елінің шынайы құрметі, барша Италия халқына деген достық пейілі мен ыстық ықыласының айғағы екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Италия Президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді.