Қызылордалық еріктілер "Таза бейсенбі" науқанына үн қосты. Amanat партиясы облыстық филиалының өкілдері мен белсенді жастар Батырхан Шөкенов атындағы саябаққа келіп, демалыс орнын тазалады. Қоқыстарды шығарып, қураған ағаштардың бұтағын кесті. Жалпы тазалық шарасына 50-ге жуық адам атсалысты.

#тазақазақстан #тазабейсенбі #қызылорда #тазалық #мәдениет #табиғат #qyzylordatv