Ал, жалағаштықтар «Жасыл аймақ» апталығында Тағзым аллеясының аумағына 100 түп Сыр талын отырғызып, гүл егетін орындарды қопсытты.

Аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясы 2018 жылы ашылған. Демалыс орнында осы өлкенің тумасы мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов пен Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың құрметіне ескерткіш орнатылған. Міне, содан бері аллея аумағын абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Тазалық акциясында аудан тұрғындары мен белсенді жастар саябақтағы талдарды әктеп, жаңа егілген көшеттерді суарды. Сондай-ақ, көшелердегі аяқ су баратын арық жүйелерін тазартып, қап-қап қоқыс шығарды.