«Жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу - қолына қару беру емес, біліммен қаруландыру. Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездескен «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев осылай деді.

Қоғамдық ұйымның филиалдары бірнеше өңірде жұмысын бастаған. Қызылордалық ауған соғысының ардагерлері де ұйым жұмысын жандандыруға атсалысып келеді. Колледждегі жастармен жүздескен Марат Айтуғанұлы ауған асуындағы отты жылдардың естелігін әңгімеледі. Кездесуде студенттер әскери өмір жайында сұрақтарын қойып, аға буын білгендерімен бөлісті.

 Қазақ жастарын білім мен ғылымға, жаңашылдыққа, дамуға ұмтылдыру ғана шынайы патриот азаматты тәрбиелейді. «Жас буынды отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелеуде қоғамның ойы бір арнаға тоғысуы қажет» дейді интернационалист жауынгерлер.