Қалаға қарасты ауылдық округтерде егіс алқабының көлемі 9 мыңға гектарға жуықтайды. Биыл күріш көлемі жылдағыдан 500 гектарға төмен егіледі.Бұл туралы Ыбырай Жақаев ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабында өткен жиында айтылды. Сондай-ақ, шаруалардың егін егу науқанына дайындығы пысықталды.

Қарауылтөбе ауылдық округінде орналасқан Ыбырай Жақаев ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабында жұмыс ерте басталыпты. Биылғы жылы осы институтқа тиесілі 600 гектарға Сыр салысын себу жоспарланса, оның 200 гектарына тұқым себіліп, суға бастырылып қойған. Ғалымдар биыл Сыр Сұлуы, Янтарь, Айсара сорттарына басымдық бергенін айтады. Соның ішінде «Айсара» сортына шаруалардан сұраныс көбейген.

ЖӘНІБЕК ҚАРИЕВ – Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АГРОНОМЫ // // Айсара сорты биыл жақында шыққан. Биыл нарыққа шығарамыз деп отырмыз. Одан 20 гектар егіп тұрмыз қазір. Местный болған соң төзімділігі мықты. Суыққа да таяз суға да төзімді. Шығымдылығы жақсы. Сұраныс жоғары, өте жоғары. Ірі-ірі шаруашылықтар уже неғып жатыр.

Ал, қалаға қарасты ауылдық окургтердегі егіс алқаптарында биыл 8 677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Соның ішінде күріш 3 614 гектарға себіледі. Ауылшаруалығы саласындағы жұмыстармен танысқан қала әкімі Серік Қожаниязов ауыл тұрғындарымен бірге дән себу рәсіміне қатысты.

Биыл шаруалар суды аз қажет ететін дақыл түрлеріне басымдық беріп отыр. Мәселен, 2821 гектарға көкөніс, картоп, бақша дақылдары, 2113 гектарға мал азығы, 129 гектарға түрлі дәнді дақылдар егіледі. Ол үшін техника сақадай сай, дизель отыны да жеткілікті дейді салаға жауаптылар.

ПАКУАТДИН ШАМҰРАТОВ – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Қызылорда қаласы бойынша 27 шаруақожалық бар. Соның төртеуі ірі шаруашылық, қалғаны майда шаруақожалықтар. Барлық шаруақожалықтар егіс алқаптары толық тегістеп, ақегіс дайын. Сонымен қатар, дизель отынына байланысты тиісті мердігерлермен келісім шартқа отырылған. Ешқандай тапшылық жоқ. Шаруалар дақыл өнімдерін қоймаға сақтап, Дән себу жұмыстары толық басталып кетті.

Қазіргі таңда шаруалар тіршілік нәрінен тапшылық көріп отырған жоқ. Су ротация тәртібімен кезекпен беріліп жатыр.