Жайраңдап жаз шықса, ішетін суың сығырайып, сергелдеңге салатыны рас. Әсіресе, көпқабатты тұрғын үйлердің жоғары қабатындағылар тіршілік нәрін үй аралап сұрап ішіп, тіпті дүкеннен сатып алуға мәжбүр болады. Биыл аталған мәселенің алдын алу мақсатында қаладағы 14 су ұңғымасы мен 6 бірлік су қысымын көтеретін насос станциясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жасыратыны жоқ, жаз айында көпқабатты үй былай тұрсын кейде жер үйлерде де су сығырайып, көпшіліктің жүйкесін жұқартатыны бар. Осы қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін биыл жергілікті бюджеттен 620 млн теңге қаржы бөлініп, ұңғымалар мен су қысымын көтеретін насос станцияларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

БАУЫРЖАН ӘБДІҒАППАРҰЛЫ – «ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» МКК ДИРЕКТОРЫ //Бүгінгі таңда «Қызылорда су жүйесінің» теңгерімінде 976 шақырым ауыз су жүйелері бар. 11 дана екінші су көтеру насос станциялары, 112 ұңғыма және 6 дана су қысымын көтеру насосты станциялары бар. Қазір барлығы кестелік тәртібіне сәйкес, жұмыс істеп тұр. 01:25 Былтыр қыс айларында ауыз судың қысымын халыққа таратуды 45 мың кубпен беріп отырдық. Қысқы мезгілде ешқандай шағым түскен жоқ. Ал, осы 1 апрельден бастап 75-80 мың кубқа дейін өсіп кетті. Бұл дегеніміз ауыз суды аяқ су ретінде пайдаланып отырмыз деген сөз. Сондықтан халықтан сұрайтынымыз ауыз су мәселесіне айрықша мән беріп, үнемді пайдалануға шақырамыз.//

Осыған дейін «Арай» ықшам ауданы мен қаланың сол жағалауында орналасқан тұрғындар ауыз судың сапасына шағым білдіріп келген болатын. Осыған байланысты мамандар «Арай» су алу құрылымындағы су ұңғымаларына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, кварталаралық ауыз су жүйелерін тазарту, залалсыздандыруды бастап кеткен.

БАУЫРЖАН ӘБДІҒАППАРҰЛЫ – «ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» МКК ДИРЕКТОРЫ //«Арай» су алу станциясынан 3 км 400 мм-лік труба тартылып, «Арай» мен сол жағалауға ауыз суды тартып отырмыз. Былтыр сапаға қатысты көп сын айтылғандығы су желілері 2012 жылы салынған. Тазалық жұмыстары жүргізілген, дегенмен аздау жүргізілген ба содан биылдан бастап қайта тазалау жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Әр жұма күні кешке 2-3 сағат судың лайлығын көріп, таза суды халыққа жіберуге тырысамыз.//

Мамандардың айтуынша, биылдан қалмай қаладағы 149 көпқабатты тұрғын үйдің су қысымын реттейтін 6 бірлік су көтеру насос станциясының құрылысы басталады.