Қала маңында бей-берекет қалдықтар төгілген қоқыс алаңдары азайып келеді. Экологтар мұндай нәтижеге ғарыштық мониторинг жұмыстарының арқасында қол жетіп отырғандығын айтады.

Ол үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» акцинерлік қоғамы арасында келісім-шарт жасалған. Нәтижесінде қалдықтар орналасқан жерлерге ғарыштық түсірілім жүргізіледі. Және бұл 50 шақырым белдеуде орналасқан аумақты қамтиды. Былтыр ғарыштық мониторинг нәтижесімен 74 рұқсатсыз қалдық орындары анықталып, жойылған. Дегенмен халық арасында үйреншікті орындарға қоқыс тастау тыйылмай отыр.

 Бүгінде облыс стихиялық қалдық орындарын жою жөнінде атқарылған шаралар нәтижесімен аймақтар көрсеткіштерінде алғашқы орында. Геопортал жүйесінде көрсетілген кемшіліктерді жою шаралары тиісті әкімдіктерге жүктеледі.