Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтік мүмкіндігін асыра пайдаланып, өткен жылдың соңында өзіне 450 мың теңге сыйақы тағайындаған. Бөлім басшының бұл әрекеті әдеп кеңесінде қаралды. Мемлекеттік қызметшінің мәселесіне қатысты кеңес мүшелері бірауыздан «Қызметіне толық сәйкес емес» деген шешімге келді.

Қанат Нұрсейіт өткен жылдың қараша айында Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған. Арада бір ай өтпестен бөлім қызметкерлерімен бірге өзі де сыйақы алыпты. Бұл заңсыздықты аудан әкімдігі анықтап, мемлекеттік қызметшінің әрекетін әдеп кеңесінде қарауға ұсыным берген.

НҰРЖАН АЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ // Қазақстан Респубилкасы Үкімет қаулысының 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулының талаптары бұзылған. Яғни, осы қаулының 4 тармағы, 2 тармақшасында қызметкерге тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса сыйлық ақы берілмейді деген.

Бөлім басшысы айыбын мойындап, болған жағдайға өкініш білдірді. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының тексерісі түрткі болса керек, мемлекеттік қызметші өзінің әрекетін заңсыз екенін зерделеп, 1-ші сәуірде 450 мың теңгені бюджетке қайтарып берген. Әдеп кеңесінің мүшелері мәселені егжей-тегжейлі талқылай келе, бір қортындыға келді.

ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ // Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 50 бабы, 1-ші тармағы, 2 тармақшасының талаптарын бұзды деп санап сізге қызметіңізге толық сәйкес емес туралы ескерту түріндегі тәртіптік шара қолдану туралы шешім қабылдадық. Алдағы уақытта осыған ұқсайтын бұзушылықтарға жол беретін болсаңыз, мемлекеттік қызметпен қошайтысатын боласыз.

Мұнан соң жиында облыстық кірістер департаменті мен аумақтық инспекцияның профилактикалық жұмыстары жөнінде есептер тыңдалды.