Облыс орталығында «Тергеушілер слёті» өтті. Жиында құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылап, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында тәжірибе алмасты.

Слётке негізінен тергеу және анықтау саласының жас мамандары, сот, адвокатура, кәсіби сарапшылар, күштік құрылым басшылары және сала ардагерлері мен ғалымдар қатысты. Жиын барысында қылмыстық істерді тергеу жүйесіндегі қордаланған мәселелер ашық айтылып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Шыны керек, кейде тергеу барысында күдіктіні азаптау деректері тіркеліп жатады. Тіпті мұндайда қорғаушының да құқығы көпе-көрнеу тапталатыны рас. Ал мемлекет басшысы прокуратура органы мен қорғаушы тараптың құзыры тең болуы керектігін баса айтқан болатын. Облыс орталығында өткен жиын осы талапты негізге ала отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етуді көздейді.

РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ /Бірінші мақсатымыз ол, ортақ проблемалармен танысу оны талқылау және оның шешу жолдарын ұсыну. Екінші мақсатымыз, тергеушілер біліктілігін арттыру, тәжірибелерімен бөлісу. Бұл жиын енді жүйелі түрде өткізілетін болады жыл сайын. Тергеушілердің ерекше рөлі бар. Біз оларға қылмыстық процесте айрықша көңіл бөліп отырмыз/

МЕЙІРБЕК ДАУБАЛАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /Облыстық прокуратура басшылығына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Соңғы уақытта осылай ашық форматта жиі басқосу болып жатыр. Қорқаушылар тарапынан беріліп жатқан көптеген ұсыныстарымыз өз шешімін тауып жатыр. Адвокаттардың құқығын қорғау айналып келгенде азаматтардың құқығын қорғау болып табылады. Ал азаматтарымыздың қорғану құқығы бұл конституциямен кепілдендірілген/